Навигация по записям 14-15.11.2024 ж. аралығында Алматы қаласында Эстрада-Цирк колледжінде Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Жүсіпбек Елебековтің 120-жылдығына арналған ІІ республикалық колледжаралық дәстүрлі әншілер байқауы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен 35 үміткер қатысқан байқауға колледжіміздің ПД-2 тобының білім алушысы М.Аяпберген қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды. Жетекшісі Ғ.Мұхамедин. 19.11.2024 ж. білім алушылар арасында үстел теннисінен колледжішілік жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында 1 орынды ПД-2 тобының білім алушысы М.Аяпберген, 2 орынды — ПД-2 тобының білім алушысы Р.Ғалымжан, 3 орынды – Н-3 тобының білім алушысы С.Амандықов иеленді. Қыздар арасында 1 орынды Н-3 білім алушысы Б.Сағынтай, 2 орынды Н-2 тобының білім алушысы К.Гапоненко, 3 орынды Н-3 тобының білім алушысы А.Жазықбаева иеленді. Жарысты ұйымдастырушылар: дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары А.Н.Силантьев пен В. А. Качеровская.