Рубрика: Новости

Колледжіміздің «Актерлік өнер» бөлімі 17-қыркүйек Халықаралық «Студенттер күні» мерекесіне орай «Студенттік өмір — жарқын сәттер кезеңі» атты студенттік қатарға қабылдау салтанатын өткізді. Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс айта отырып, студент атанған білімалушыларымызға шығармашылық шабыт,ақ жол тілейміз!

19.11.2024 ж. білім алушылар арасында үстел теннисінен колледжішілік жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында 1 орынды ПД-2 тобының білім алушысы М.Аяпберген, 2 орынды — ПД-2 тобының білім алушысы Р.Ғалымжан, 3 орынды – Н-3 тобының білім алушысы С.Амандықов иеленді. Қыздар арасында 1 орынды Н-3 білім алушысы Б.Сағынтай, 2 орынды Н-2 тобының білім алушысы К.Гапоненко, 3 орынды Н-3 тобының білім алушысы А.Жазықбаева иеленді. Жарысты ұйымдастырушылар: дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары А.Н.Силантьев пен В. А. Качеровская.

14-15.11.2024 ж. аралығында Алматы қаласында Эстрада-Цирк колледжінде Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Жүсіпбек Елебековтің 120-жылдығына арналған ІІ республикалық колледжаралық дәстүрлі әншілер байқауы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен 35 үміткер қатысқан байқауға колледжіміздің ПД-2 тобының білім алушысы М.Аяпберген қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды. Жетекшісі Ғ.Мұхамедин.

30.10.2024 ж. «Спорт — бақытқа бастар жол» атты білім алушылар арасында дойбыдан колледжішілік жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында 1-орынды Н-3 тобының студенті Амандықов Сыйлас, 2-орынды Ф-4 тобының студенті Бекжанов Санжар, 3-орынды ПД-2 тобы Аяпберген Мухаммадали иеленді. Қыздар арасында 1-орынды ПД-1 тобының студенті Аукеева Жанбота, 2-орынды А-2 тобының студенті Әділет Нұрлы, 3-орынды Н-3 тобының студенті Сағынтай Ботакөз иеленді. Жарысты дене шынықтыру пәнінің оқытушылары А. Н. Силантьев пен В. А. Качеровская ұйымдастырды.#біртұтас_тәрбие#ұлытау_тәрбие

20.09.2024 ж. колледждің «Жігер» студенттік парламентінің президенттігіне сайлау өтті. Сайлауға 4 үміткер қатысты. Өткізілген сайлаудың қорытындысы бойынша сайлаушылардың 56% дауысымен Санат Дильназ ЖМК “Жігер” студенттік парламентінің президенті болды.

26.10.2024 ж. Алматы қаласында өткен халықаралық Халықаралық «Бала шабыты» байқауында «Шалқыма» би шығармашылық академиясының құрамына енген колледжіміздің «Халықтық көркем шығармашылық» бөлімінің білімалушылары байқауда БАС жүлде ұтып алды. Марапат құтты болсын. Жетекшілері Е.А.Малутина, А.С.Омарова, С.С.Крылатова, И.В.Белохвостова, М.А.Садыковаларға колледж, облысымыздың мәртебесін көтергені үшін алғыс білдіреміз.#Біртұтас_тәрбие#Ұлытау_тәрбие

«Жас қаламгер» клубының мүшелері болашақ жас ақындарымыз өздерінің жүрек түкпіріндегі жарып шыққан жырларымен бөлісті.

«Оқуға құштар колледж» жобасы бойынша «Жас қаламгер» клубының мүшелері болашақ жас ақындарымыз өздерінің жүрек түкпіріндегі жарып шыққан жырларымен бөлісті. Жас ақындардың сөз байлығын дамыту,шығармашылық қабілетін арттыру,тілге,елге деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында…

You missed