Ұлытау облысының білім басқармасы ағымдағы жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында 9 жанр бойынша, балалар мен жасөспірімдер арасында «Мұрагер – 2023» І облыстық шығармашылық байқауын өткізуді жоспарлаған болатын. «Хореография» жанры бойынша облыстық кезеңді өткізу жауапкершілігі колледжімізге тапсырылып, 17.02.2023 ж. «Халықтар достығы мен мәдениет үйінде» байқау шымылдығын «Хореография» жанрымен ашты. Ұлытау облысының түкпір-түкпірінен келген 17 команда — 3 жас санаты мен 3 би номинациясы бойынша сайысқа түсті. Би ансамбльдері үлкен дайындықпен келіп, байқау жоғары дәрежеде өтті. Колледж әкімшілігі атынан іс-шараға жауапты директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Оразбековаға, ұйымдастырушылары «Халықтық көркем шығармашылық» бөлімінің оқытушылары Е.А.Малутина, М.А.Садыкова, А.С.Омароваларға және атсалысқан студенттерге алғыс білдіреміз.
@ulytauregion
@ulytau_bilim
@zhumagulovaasem
@myrzabekovamika

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

You missed