23.02.23жылы колледжімізде топ жетекшілер отырысы өтті. Жиналыс барысында директордың тәрбие жөнінде орынбасары А.Т.Оразбекова баланы жәбірлеуге (буллингке)жол бермеу жайлы сөз етті. Колледжіміздің педагог-психологі Ә.Е.Түктібаева “Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидалары ” жайында ақпарат берді. Биылғы оқу жылында колледжімізде жәбірлеуге (буллинг) қарсы түрлі іс-шаралар жүргізілді . Бұл жиналыс колледжде жәбірлеуді болдырмау, алдын алу, буллинг бойынша білімді кеңейту мақсатында орындалып жатыр.

