01.03.2023ж. С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалы драма театрында, театрдың бас режиссері-Теміржан Жанботаевтың мерейлі 50 жас және алғыс айту күні қарсаңында Иран Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» спектаклі көрерменге ұсынылды. Бұл қойылымда колледжіміздің “Актер өнері бөлімінің” 4-курс студенті Шахманова Нұрзат, 3-курс студенті Оразалы Қайрат сондай-ақ, 2-курс студенті Сабыр Ұлан көпшілік сахнада бой көрсетті.



