07.03.2023 ж. 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай, колледждің ер азаматтары мен студенттері колледждің қызметкер қыз-келіншектеріне құрмет көрсетіп, музыкалық құттықтаулар арнап, әр түрлі ойындар ойнатты, сыйлықтар табыстады. Осындай үлкен құрмет көрсеткен колледждің ер азаматтарына, колледж азаматшаларының атынан алғыс білдіреміз.
Сонымен қоса, мерекелік жиында Ұлытау облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Баймұратова марапатталды. Марапатыңыз құтты болсын, еңбегіңіз жана берсін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

You missed