30.03.2023. колледжде «Шуақты дала – өнегелі бала» тақырыбында ұсынылған айлық іс-шаралар шеңберінде «Жалпы білім беру және ізгілендіру» бөлімінің апталығының жоспарына сәйкес, «Оқуға құштар колледж» республикалық жобаны жүзеге асыру мақсатында, «Өнерім менің – өмірім» атты «Алтын қобыз» иегері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, әнші, ақын, сазгер Береке Көшеновпен кездесу өтті. Мақсаты: өнер адамына тән жақсы қасиеттерді студенттер бойларына сіңіру. Б.Көшеновпен кездесуде студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, «Ән – ғұмыр» атты кітабындағы өлеңдерін жатқа оқыды. Әнші «Жанарым», «Ұлытау» әндерін орындады. Терең мағыналы, өнегелі іс-шара ұйымдастырған оқытушымыз Б.А.Кулумбетоваға алғыс білдіреміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

You missed