Ұлытау облысының білім басқармасының жоспарына сәйкес, балалар мен жасөспірімдер арасында «Мұрагер – 2023» І облыстық шығармашылық байқауының «Театр» жанрының «Театрлық қойылымнан үзінді» номинациясы бойынша облыстық кезеңді өткізу жауапкершілігі колледжімізге тапсырылып, 07.04.2023 ж. «С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыка театрында» 2 жас санаты бойынша 12 қойылым сайысқа түсті. Іс-шара жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Колледж әкімшілігі атынан іс-шараға жауапты директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Оразбековаға, ұйымдастырушылары «Актер өнері» бөлімінің оқытушылары Р.С.Окшиева, Б.Бақытжанға және атсалысқан студенттерге алғыс білдіреміз.
Байқау қорытындысы төмендегідей болды: 12-14 жас санатында Бас жүлде «Алжир» қойылымы. Жетекшісі: Олжабаева Салтанат (Қаражал қаласы), І орын — «Жаралы Гүлдер». Жетекшісі: Бұқар Амангелді. (Сатпаев қаласы), ІІ орын — Сәкен Жүнісов «Жаралы гүлдер». Жетекшісі: Рахтаева Кумисжан (Жаңаарқа ауданы), «Алжир: Азап пен Үрей». Жетекшісі: Муханова Райхан (Жаңаарқа ауданы), ІІІ орын — «Әйел ана ертегісі» Жетекшісі: Альжанова Гульмира (Жезқазған қаласы), «Сказка о пользе учения и о великой силе любви». Жетекшісі: Амантаева Сандуғаш. (Сатпаев қаласы). 15 жастан жоғары санат бойынша: Бас жүлде — «Есіңе мені алғайсың» Жетекшісі: Джаркынбеков Ардак (Жезқазған қаласы), І орын — «Батыр Баян». Жетекшісі: Бакирова Сандуғаш (Жезқазған қаласы), ІІ орын — «Қара орамал».Жетекшісі:Умирбекова Акбала (Қаражал қаласы), «Мәңгілік бала бейне». Жетекшісі: Мергенбекова Салтанат (Қаражал қаласы), ІІІ орын — «Ұлт жанашыры».Жетекшісі: Шиманова Орынтай (Қаракеңгір ауылы), «Ақан сері-Ақтоқты». Жетекшісі:Досжанова Бағлан (Жезқазған қаласы)
Екі күн қатарынан театр залын берген театр директоры Сәкен Досхан Сәкенұлы мен ұжымына АЛҒЫС білдіреміз!





