20.04.2023 ж. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум аясында Жезқазған гуманитарлық колледжінің базасында өткен семинар-тренингке колледж оқытушылары қатысып, сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңыздылығы мен жолдары жөнінде көптеген ақпарат алып келді. Спикерлер: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша Департаментінің превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері — Гүлнұр Зияддинқызы Сүлейменова, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушысы, сыбайлас жемқорлыққа ақпараттық ағартушылық пул спикері – Тоқатов Руслан Алтайұлы. Модератор — сыбайлас жемқорлыққа ақпараттық ағартушылық пул спикері Әбішев Жомарт Сүлейменұлы.


