«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында колледж кітапханашысы А.Р.Құлман Траисова Үміткүл Олжайқызының кітаптарынан «Жүрегім жырым, төгілген нұрың биіктен» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мақсаты: Үміткүл Олжайқызының кітаптарын шолу арқылы, кітап оқуды насихаттау. Облыстық байқаудың жүлдегері және Ілияс Жансүгіров шығармашылығын қолдағаны және насихаттағаны үшін бірнеше мәрте дипломмен марапатталған, бірнеше кітаптың авторы: «Бақыт бағы» жыр жинағы (2001ж), «Жұлдыз ғұмыр»өлеңдер мен толғаулар (2003ж), «Мен тау қызымын», «Ел-шежіре» (2007ж). «Кеңгірдің кербез толқыны» (1999ж) топтамасының ішіне бірнеше өлеңдері енгізілген. Үміткүл Олжайқызының өлеңдерін оқуға кеңес береміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

You missed