Навигация по записям 26.10.2024 ж. Алматы қаласында өткен халықаралық Халықаралық «Бала шабыты» байқауында «Шалқыма» би шығармашылық академиясының құрамына енген колледжіміздің «Халықтық көркем шығармашылық» бөлімінің білімалушылары байқауда БАС жүлде ұтып алды. Марапат құтты болсын. Жетекшілері Е.А.Малутина, А.С.Омарова, С.С.Крылатова, И.В.Белохвостова, М.А.Садыковаларға колледж, облысымыздың мәртебесін көтергені үшін алғыс білдіреміз.#Біртұтас_тәрбие#Ұлытау_тәрбие 30.10.2024 ж. «Спорт — бақытқа бастар жол» атты білім алушылар арасында дойбыдан колледжішілік жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында 1-орынды Н-3 тобының студенті Амандықов Сыйлас, 2-орынды Ф-4 тобының студенті Бекжанов Санжар, 3-орынды ПД-2 тобы Аяпберген Мухаммадали иеленді. Қыздар арасында 1-орынды ПД-1 тобының студенті Аукеева Жанбота, 2-орынды А-2 тобының студенті Әділет Нұрлы, 3-орынды Н-3 тобының студенті Сағынтай Ботакөз иеленді. Жарысты дене шынықтыру пәнінің оқытушылары А. Н. Силантьев пен В. А. Качеровская ұйымдастырды.#біртұтас_тәрбие#ұлытау_тәрбие