Навигация по записям 20.09.2024 ж. колледждің «Жігер» студенттік парламентінің президенттігіне сайлау өтті. Сайлауға 4 үміткер қатысты. Өткізілген сайлаудың қорытындысы бойынша сайлаушылардың 56% дауысымен Санат Дильназ ЖМК “Жігер” студенттік парламентінің президенті болды. 14-15.11.2024 ж. аралығында Алматы қаласында Эстрада-Цирк колледжінде Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Жүсіпбек Елебековтің 120-жылдығына арналған ІІ республикалық колледжаралық дәстүрлі әншілер байқауы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен 35 үміткер қатысқан байқауға колледжіміздің ПД-2 тобының білім алушысы М.Аяпберген қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды. Жетекшісі Ғ.Мұхамедин.