28.03.2023. колледжде «Шуақты дала – өнегелі бала» тақырыбында ұсынылған айлық іс-шаралар шеңберінде «Жалпы білім беру және ізгілендіру» бөлімінің апталығының жоспарына сәйкес, І курс студенттерінің арасында «Спорт әлемінде» атты викториналық ойын өтті. Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, спорт түрлері, тарихы жөніндегі білімін тереңдету. 5 раундтан өткен сайысқа 4 команда қатысты. Студенттер викториналық сұрақтармен қатар практикалық тапсырмалар да орындады. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды ПД-1 тобының студенттері, ІІ орынды НХТ-1 тобының студенттері, ІІІ орынды Н-1 тобының студенттері иеленді, А-1 тобының студенттері «Алғыс хатпен марапатталды. Іс-шараны ұйымдастырушы дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары А.Н.Силантьев, В.А.Качеровская.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

You missed