29.03.2023 ж. «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы» КММ мен колледж бірігіп «Тілдарын» қалалық байқауын өткізді. Әділ-қазылар алқасы: Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.С.Сарбаева, Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Ресурстық тілдерді дамыту орталығы» КММ-нің Оқыту-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Д.С.Кожахметова, «LangArt» ағылшын тілі курсы орталығының басшысы А.К.Альжанова. 3 кезеңнен тұрған сайысқа 9 үміткер қатысып, жүлделі І орынды»№10 жалпы білім беретін беретін мектебі» КММ оқушысы Д.М.Акамбаева иеленді, ІІ орынды колледжіміздің НХТ-1 тобының студенті С.Б.Тулебаева, ІІІ орынды «Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық» КМҚК студенті А.К.Тәкей иеленді. Жүлдегерлер диплом, құнды сыйлықтармен марапатталды, сайысқа қатысып белсенділік танытқан қатысушылар, соның ішінде колледжіміздің НХТ-1 тобының студенті А.С.Данилова «Алғыс хат», құнды сыйлықтармен марапатталды. Жүлдегер дайындаған ағылшын тілі пәнінің оқытушысы А.Ө.Агибаеваға алғыс білдіреміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

You missed