Бала біздің жарқын болашағымыз, болашаққа деген үмітіміз. Осы жолда бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата-ананың басты міндеттерінің бірі. Қазіргі технологияның қарыштап дамып жатқан заманында, балаларымызды кибербуллингтен қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата ана мен ұстаздардың парызы. Осы орайда, балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында ата- аналар мен ұстаздардың үнемі назарында ұстауы қажет ақпараттарды назарларыңызға ұсынамыз!!!
• Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол:
адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу
• оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру
сол жайында өсек тарату
• оны елемеу немесе жекелету
• ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою
• ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру
• қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту
Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.
