Жасөспірімдердің өз — өзіне қол жұмсауы жөніндегі мәселе бойынша ата — аналарға кеңес:
1. Отбасы арасындағы ұрыс — керіске балаларды араластырмау
2. Өз балаларыңызға өмірге деген талпынысын, мақсатын құруға көмектесу
3. Қиыншылықтарды жеңуге көмектесу
4. Жасөспірімдердің талпынысына, өмірді бастауына қолғабыс тигізу
5. Ешқандай жағдайда, қол күшін пайдаланып жаза қолданбау
6. Өз балаларыңызды жақсы көріп, көбірек көңіл бөлу
7. Баланың құқығы мен міндетін дұрыс құрастыру: үйде, мектепте, көшеде. Бұл жерде тек қатыгездік емес, түсіністік керек.
8. Егер балаңыз тату, түсіністікте өмір сүрсін десеңіз, оның кемшіліктерін бетіне айта бермеңіз, кіналамаңыз.
Мұндайда не істеу керек? Қалай қол ұшын беруге болады?
Егер сіз баланың суицидке жақындығын байқасаңыз, онымен ашық сөйлесуге тырысыңыз, бірақ ол өзі бастамайынша ол тақырыпқа қатысты сұрақ қоймаңыз. Балаңызды не мазалып жүргендігі, жалғызсырап жүрген жоқ па, өзін бақытсыз сезініп жүрген жоқ па, тығырыққа тірелгендей сезімде емес пе, өзін ешкімге керексізбін немесе қарыздармын деп ойламай ма, достары кім, неге қызығушылық танытады деген сұрақтарға жауап алуға тырысыңыз. Туындап тұрған тығырықтан жол табуға тырысу керек, ол үшін баламен ашық сөйлесу керек, көп жағдайда бала өзін мазалаған жайттарды ашық айта алса, суицид туралы ойдан арыла алады. Әрқашанда баланың бұл әрекетіндегі мақсаты не және себебі қандай екендігін ұғыну керек.
