Жезқазған музыкалық колледжінде «Шуақты дала – өнегелі бала» тақырыбында ұсынылған айлық іс-шаралар шеңберінде «Ана тілің – арың бұл» және «Қазақи ұлттық код» тақырыбы аясында: БП: «Мемлекеттік тілді насихаттаудың ұтымды механизмін ұсынады»; БП: «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса ешқандай жаңғыру болмайды деп есептейді» дебат қарарлары негізінде пікірсайыс өтті. СКД-3 тобынан Жөкіжан Айсұлу, А-1 тобынан Мейрамбай Айша мен Ракымжан Жибек, СКД-1-ден Тулеубаева Сара, ПД-1-ден Аманжол Толқын мен Тасмағанбетова Дария ерекше көзге түсті. Ұйымдастырушы: Сембинова Л.А.



